«Жанабыловтардың ұтысы»: Туризм министрлігі мәлімдеме жасады

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Instаgram әлеуметтік желісінде "Zhanabylov_e" және "elt6i"аккаунттарында өткізілетін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарына түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Блогерлерге Туризм және спорт министрлігі жанындағы Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті хабарлама жіберді.
Хабарламада лотерея ойнатқан азаматтан түсініктеме беруі сұралған. Оның нәтижесі бойынша әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралатын болады.
Айта кету керек, жоғарыда көрсетілген блогерлер ұйымдастырған лотерея ойынының лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде С. есімді азаматтан өтініш түскен.
Егер Жанабыловтар түсіндірме бермеген жағдайда олардың үстінен Комитет ӘҚБтК – нің 445-1 – бабының 6 – бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайтын болады.
Соңғы жаңалықтар





