Жанар Айжанова: Сынған саусағымды өзім емдеп алдым

10.04.2025 17:19 Берік Арманов Берік Арманов
Жанар Айжанова: Сынған саусағымды өзім емдеп алдым
0
282
Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

Танымал қазақстандық әнші Жанар Айжанова былтыр сынған саусағын халық емі арқылы емдеп жазғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Былтыр саусағым сынды. Соған гипстен соғылған күміс жүзікті тағып алдым. Арнайы зергерге барып жасаттым. Негізі бұл – оймақ пен шошақ жүзік. Сынған сүйектерді емдейді екен. Ата-бабамыздың даналығында сөз жоқ. Алты айдан бері тағып жүрмін. Сүйектері орнына келіп, сіңірлері жалғаныпты. Әйтпесе осы саусақты хирургтар емдей алмап еді», – дейді әнші.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Олар Жанар Айжанованың әрекетін қолдап, ата-баба әдістерінің құндылығын атап өтті.

«Қылықты әйел, бәрі жарасады», «Марқұм әжем де күміс тағып жүретін», «Жанар апай кемпірдің қызы, көп дүние біледі», «Ата-әжелеріміз ненің пайдалы, пайдасыз екенін біліп өткен», «Әр қазақ қызының саусағында болуы керек жүзік екен», – деп пікір білдірді көпшілік.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий