Жанар Айжанованың күйеу баласы 65 мың теңгеге алданып қала жаздады

Жанар Айжанованың күйеу баласы 65 мың теңгеге алданып қала жаздады
23.05.2025 15:44
0
243
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Блогер Сәкен Қағаров әлеуметтік желісіндегі парақшасына дүкеннен 65 мың теңгеге жарты келі шие сатып ала жаздаған видеосын салған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Ол дүкен аралап жүріп, екі бөлек жұқа контейнерге салған шие алыпты. Бір қораптағы шиенің салмағы 300 грамм, ал бағасы 33 мың теңге болған. Осылайша ол екі қорап шие 65 мың теңгеге тең болғанын айтады.

«Мен әрине бағаның қымбаттап жатқанын естігемін. Бірақ, 300 грамм шиенің бағасы 33 мың теңге болады деп ойламаппын. Мен бағасына қарамай екі қорабын алыппын, сонда 500 грамм шие 65 мың теңге болып шықты. Елестетіп көріңіздерші! Бұл деген сұмдық қой!», - дейді Қағаров.

Ал, бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов маусымаралық кезеңдегі жеміс-жидектің қымбат бағада сатытуына байланысты пікірін айтқан еді.

«Мәселен, өзім шиенің бағасы 15 мың теңге тұратын уақытта сатып алмаймын, өз маусымында бағасы 1000–1500 теңгеге түскенде ғана аламын», - деген болатын ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий