Жанар Айжанованың немере мен жиенге қатысты пікірі қоғамда дау туғызды

Танымал әнші Жанар Айжанованың немере мен жиенге қатысты пікірі қоғамда қызу талқылануда, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өнер иесі қазақ дәстүрінде немере мен жиенді бөлудің қате екенін атап өтіп, бұл жөнінде журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында кеңінен тоқталды.
Жанар Айжанова қыздан туған баланың немере саналмайтынына қарсылық білдіріп, немере екі жақтан да тең дәрежеде қабылдануы тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, баланың екі атасы мен екі әжесі болады: өз атасы мен әжесі және нағашы атасы мен әжесі. Ал басқа нағашыларына ол жиен ретінде қаралады. Әнші қазақ қоғамындағы бұл көзқарасты сынап, қыздан тараған ұрпақтың да ата-бабасымен жақын өсіп, еркін қарым-қатынас орнатуы қажет екенін жеткізді.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл пікірімен келіспей, ата-бабадан қалған дәстүрді алға тартып, түрлі пікірлер білдіруде. Кейбірі оның ойымен келіссе, енді бірі қазақ халқының ұрпақ сабақтастығына қатысты бұрыннан қалыптасқан ұстанымын ұмытпау керек екенін айтып, сынға алды.
Соңғы жаңалықтар





