Жангелдиндегі отбасы қазасы: қылмыс әр кезеңде жасалған

24.04.2026 11:17 Мөлдір Қайнар
Жангелдиндегі отбасы қазасы: қылмыс әр кезеңде жасалған
636
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Атырау облысы Жангелдин ауылында Қарабалины әулетінің мүшелерін өлтіру ісі бойынша жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу мәліметінше, қылмыстар бір мезгілде емес, араға бірнеше ай салып жасалған.

Прокуратураның хабарлауынша, Наурыз Мұқанғалиевті күдікті Сұлтан Сәрсемалиев мамыр айында өлтірген, ал қалған үш адам қараша айында қаза тапқан.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс үшінші тұлғалардың қатысуынсыз, жалғыз өзі жасаған. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, Сәрсемалиев есі дұрыс деп танылып, өз әрекеттеріне жауап бере алады.

Марқұмдардың денесінде асүй пышағымен салынған көптеген пышақ жарақаттары анықталған. Әрқайсысында алтыдан астам жарақат болған, олар негізінен кеуде, мойын және өмірлік маңызды ағзалар тұсына тиген.

Ал күдіктінің жұбайы, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты соңғы қорытынды әлі шықпаған.

Оның психикалық жағдайына нақты баға беру үшін Алматыда қайта сараптама тағайындалды. Қаза болғандардың туыстары сот процесінің ашық өтуін талап етіп отыр. Қылмыстық іс мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін. Тергеу жалғасуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий