Атыраудағы қанды оқиға: прокурор жаңа деректерді жариялады

23.04.2026 12:38 Мөлдір Қайнар
Атыраудағы қанды оқиға: прокурор жаңа деректерді жариялады
900
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысында бір отбасының қазасына қатысты тергеу барысында жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура өкілінің айтуынша, күдікті Қарабалиндер отбасын аса қатыгездікпен өлтірген. Сараптама нәтижесінде марқұмдардың денесінде көптеген пышақ жарақаттары анықталған.

«Барлық жәбірленушінің денесінде ас үй пышағымен салынған кесілген және тесілген жарақаттар бар. Әрқайсысында алтыдан да көп жарақат тіркелген. Кеуде тұсында, мойнында, ішкі ағзаларында анықталған», – деді облыс прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге дәл осы пышақ жарақаттары себеп болған.

Сонымен қатар марқұмдардың қызына қатысты жүргізілген сот-психологиялық және психиатриялық сараптама нақты қорытынды бермеген. Осыған байланысты сараптаманы Алматы қаласында қайта өткізу туралы шешім қабылданған.

Марқұмдардың туыстары істің ашық қаралуын талап етуде. Олар балалардың жағдайына алаңдап, әділдік орнауын күтетіндерін жеткізді.

«Балалар анасын қатты сағынады. Барғанда өзім жылап шығамын. Ашық сот болсын дейміз. Не болғанын толық білгіміз келеді», – деді туысы Әсиля Мұқанғалиева.

Күдіктіге жүргізілген сот-психиатриялық сараптама оның есі дұрыс екенін және өз әрекеттеріне жауап бере алатынын көрсеткен.

Тергеу мәліметінше, қылмыс бірнеше кезеңде жасалған: отбасының бір мүшесі мамыр айында, қалғандары қарашада өлтірілген.

«Сыртқы күштердің ықпалы немесе басқа тұлғалардың қатысы анықталған жоқ. Барлық әрекет күдікті мен жәбірленушілер жеке қалған кезде жасалған», – деді Жандар Болатбек.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты екі және одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ мүлікті жымқыру баптары бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Іс сотқа мамыр айында жолдануы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий