Жәнібек Әлімханұлына қатысты сүйінші жаңалық тарады

09.10.2025 22:49 Берік Арманов
Жәнібек Әлімханұлына қатысты сүйінші жаңалық тарады
0
444

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін өтетін тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтанов хабарлады.

«Ассалаумағалейкум, құрметті “Qazaq Style” жанкүйерлері! Біз қазақ жанкүйерлері асыға күткен тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Бұл кездесу орта салмақ дәрежесін дүр сілкіндіреді. Алла қаласа, алдағы күндері промоутерлік компания ресми түрде жариялайды. Бізді үлкен шоу күтіп тұр», — деді Сұлтанов.

Менеджердің айтуынша, Әлімханұлы командасы орта салмақтағы төрт негізгі белбеудің барлығын біріктіруді мақсат еткен.

«Біз жолдың жартысына жеттік. Егер бәрі сәтті болса, тарих жасаймыз. Еңбегіміздің нәтижесін көруге аз қалды», — деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий