Жәния Джуринская фотосессия жасап, желіні жарды

Қазақстандық актриса, екі баланың анасы Жәния Джуринская Instagram парақшасында батыл фотосессия жасап, желі қолданушыларынан комплименттерге толы пікірлер алды. Жұлдыз қара түсті ішкиіммен түскен суретінде дене бітімін көрсетіп, өз-өзіне деген сенімділігін паш етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Актриса фотосуреттің астында аналық кезеңнен кейінгі ішкі өзгерістер мен өзін қайта тану үдерісі туралы ой бөлісті.
«Қазір мен өзімді қайтадан тану процесінен өтіп жатырмын. Бала туғаннан кейін кем дегенде бір жыл менталдық қалпына келу үшін қажет. Бұған сенбейтін едім, бірақ өмір дәлелдеді», – деп жазды ол.
Айта кетейік, жуырда Джуринская пластикалық ота жасатқанын да ашық мойындаған болатын.
Фотосуреттер астында желі қолданушылары пікірлерін жаудырып жатыр:
«От», «Қандай сұлу едіңіз», «Актрисаға лайық дене», «О май гад! Бұл қандай аяқтар?!», «Идеал», «Қазақша Бейонсе», «Мұндай фотосессиядан кейін үшінші бала дүниеге келіп кетуі мүмкін», – деп әзілдейді кейбір жазылушылар.
Актрисаның бұл бейнесі әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырып, әйел сұлулығы мен өзін-өзі қабылдаудың маңыздылығы туралы пікірталасқа себеп болды.
Соңғы жаңалықтар





