"Жанқоштың адамдары қолымды сындырып, телефонымды ұрлады": Әнару Құрманалиева мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде Әнару Құрманәлі өзіне қатысты тарап жатқан айыптаулар мен сын пікірлерге жауап беріп, ашық үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол өзінің жазбасында анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, тәрбие мен отбасындағы құндылықтарды алға тартты. Әнарудың айтуынша, анасы адалдық пен адамгершілікті өмірінің басты ұстанымына айналдырған, ал өзі бала күнінен бастап үй шаруасына араласып, жауапкершілікті ерте сезінген.
Ол анасының өмірден мезгілсіз өтуі – оның өміріндегі ең ауыр соққы болғанын жасырмады. Анасы қатерлі қан ауруына (лейкоз, множественная миелома) шалдыққаннан кейін, 20 жасында тұл жетім қалғанын, содан бері өмірде көптеген сынақтарға тап болғанын айтты. Әнару сот процесінің әлі де жалғасып жатқанын және өз адвокаттарының кәсіби деңгейде жұмыс істеп жатқанын айтып, әділдікке үміт білдірді.
Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіде тараған жеке сипаттағы видеоларға қатысты да пікір білдіріп, бұл материалдарды жариялаған адамдардың ниетін сынға алды. Оның айтуынша, ол видео күйзеліс пен зорлық-зомбылық көрген кезеңде, саналы түрде емес, мәжбүрлі түрде түсірілген. Бұған қоса, ол өзін аңдыған, соққыға жыққан адамдар туралы айтып, бұл жайттардың бәрі Жанхош есімді адаммен байланыс орнатқаннан кейін басталғанын атап өтті.
Әнару бұл қиын кезеңдерді артта қалдыруға тырысып, әділет пен ақиқатқа сенетінін жеткізді. Оның үндеуі – қоғамдағы зорлық-зомбылық, жеке өмірге қол сұғу және желідегі этика мәселелерін қайта қарауға шақыратын ашық мәлімдеме болды.
Соңғы жаңалықтар





