"Жаным ашыды": Тұңғышбай Жаманқұлов Әлішер Кәрімовтің орден алғаны туралы айтты

Атақты театр актері Тұңғышбай Жаманқұлов әнші Әлішер Каримовтің атақ алғаны жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ sportinside.kz сайтына сілтеп.
Тұңғышбай Жаманқұлов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында танымал әнші Әлішер Каримовтің Халық әртісі атағын алғанына байланысты өз ойын білдірді.
"Әлішерге жаным ашыды. Әлішер жақсы жігіт, мінезі де керемет. Өзі Тараздың жігіті. Әкесін де білемін, маған "Сіз Тараздікісіз ғой, міне, менің балам. Осы балаға қарайлай жүріңіз" деген еді. Мен де "балаңның талабы жақсы" деп сөйлескен кезіміз болған. Енді Халық әртісі атағын алған кезде мен де таңғалып қалдым. Ол әлі жас. Бәлкім, ол "маған беріңдер" деп сұрамаған шығар, бірақ бұл сол жоғарыда отырған атақ тарататын шенеуніктердің қателігі деп есептеймін. Мейлі, мен оған қарсы емеспін, ерте алып қойған шығар", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Соңғы жаңалықтар





