«Жаның жәннатта болсын, бауырым»: Саят Исембаев Мұрат Бисенбинге арнап жазба жариялады

08.01.2026 14:13 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
«Жаның жәннатта болсын, бауырым»: Саят Исембаев Мұрат Бисенбинге арнап жазба жариялады
0
1008
Фото: instagram.com/issembayevsayat

Бүгін қазақстандық актер Мұрат Бисенбиннің дүниеден өткені белгілі болды. Қаралы хабар тараған сәттен бастап әлеуметтік желілерде марқұмды еске алған жазбалар мен көңіл айту сөздері көбейді, деп хабарлайды Politico.kz.

Актермен бірге Рэкетир фильмінде бірге ойнаған әріптесі Саят Исембаев Мұрат Бисенбиннің суретін жариялап, жүрек тебірентер жазба қалдырды.

«Тамаша актер, бауырымыз Мұрат Бисенбин өмірден өтті. Жаның жәннатта болсын, бауырым», – деп жазды Саят Исембаев.

Марқұм актердің қазасына байланысты жазба жариялағандардың қатарында Жан Байжанбаев та бар. Ол Мұратты жақын досы әрі бауыры ретінде еске алды.

«Бүгін актер, досымыз әрі бауырымыз Мұрат Бисенбин бұл өмірден өтті. Жаның жәннатта болсын. Тыныш ұйықта, қымбатты бауырым», – делінген жазбада.

Әлеуметтік желілерде марқұмның отбасы мен жақындарына мыңдаған адам көңіл айтып жатыр. Олардың қатарында әріптестері мен танымал өнер иелері – Айдар Каримбаев, Асель Сағатова, Арнат Өтепбергенов, Жанқош Тұраров және басқа да белгілі тұлғалар бар.

Мұрат Бисенбин көрермен жадында актерлік шеберлігімен, өзіндік болмысымен және әріптестеріне деген адамгершілігімен сақталып қалмақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий