“Жанжалдасып тұрып салдырды ғой”: Нұртас Айдарбеков Нұрсұлтан Назарбаевты сөз етті

25.11.2025 10:25 Айсұлу Мұрат
“Жанжалдасып тұрып салдырды ғой”: Нұртас Айдарбеков Нұрсұлтан Назарбаевты сөз етті
0
102
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Гүлзира Айдарбекова, Нұртас Айдарбеков

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласы туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ол елордаға жасаған сапары кезіндегі көңіл күйін жеткізіп, қаланың ауа райы мен экологиясына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, елдің бірінші Президентінің Астананың қалыптасуына қосқан үлесі жайлы ойын ортаға салды.

Айдарбековтің айтуынша, Астананың ауасы ерекше таза, мұндай сөйлемей тұрып байқай бермейтін артықшылықтар елорданың басты құндылықтарының бірі.

"Астанаға келіп қалдық. Шіркін, Астананың ауа райына жететін жер жоқ. Тап-таза, түтін десең іздесең таппайсың.  Бұрын жер жәннаты Жетісу деп жататын едік, қазір Астана. Әрине, Алматы да жақсы қала. БІрақ аздап тұншығатыным бар. Осы жерде енді жақсының жақсылығын айт, нұры таусылсын дейді. Осы жерде мен әрине пәк таза деп жатқаным жоқ. Алайда жақсылығын айтуымыз керек. Осы солтүстік жаққа көршіміз көз тіккенде Қостанай, Целиноград ауданы бар ала салайық деп. Сол кезде дереу басын жұмыс істеткізіп, Астанаға көшіп келген көкем ғой сол Назарбаев. Әйтеуір жанжалдасып жүріп салдырды ғой Астананы. Айналайын-ау, Қазақстанның ең көп қазақтар қоныстанған қаласы осы Астана емес пе", - деді Нұртас Айдарбеков.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий