“Жақсы көремін”: Димаш өзіне қатысты сауалға нүкте қойды

“Жақсы көремін”: Димаш өзіне қатысты сауалға нүкте қойды
24.07.2025 20:20
0
145
Фото: dimashnews.com

Қырғыз Республикасының халық әртісі атағын алған Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалі жабылған күннің ертеңіне Шолпан-Ата қаласында баспасөз конференциясын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оған Қырғыз Республикасының халық әртісі атағы, әлеуметтік желілердегі хейттерге жеке көзқарасы сынды сұрақтар қойылды.

«Осы сәтті пайдалана отырып, Президент Садыр Жапаров мырзаға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Халық арасында: «Әр істің қайыры бар» деген сөз бар (қазақтың мақалы). Кеше маған табысталған марапатты мен Қырғыз халқының Қазақ халқына деген бауырластық құрметінің белгісі ретінде қабылдадым. Сондықтан бұл марапатты тек маған беріп отыр деп айта алмаймын. Баршаңызға қонақжайлылықтарыңыз бен ілтипаттарыңыз үшін, өнерімізге, халқымыздың мәдениетіне деген зор және шынайы сүйіспеншіліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді», - деді Димаш.

Әнші өзінің жаңа атағына байланысты хейтке байланысты көзқарасын білдірді.

«Мен хейтерлерді жақсы көремін, тіпті кейде тым ерекше жақсы көремін! Солардың арқасында, шынымды айтсам, мен шабыттанамын. Жалпы, бұл сөздерде біраз шындық бар… Бірақ, мен өзім азды-көпті адекватты адам ретінде, бұл марапаттың тек ән айтқаным үшін немесе жұртшылық мені танитыны үшін ғана берді деп ойламаймын. Ең алдымен, бұл – екі елдің арасындағы достықтың белгісі», - деді ол.

Димаш Құдайбергеннің бұрын бірнеше жобаны бірге атқарған композитор Игор Крутоймен араздығы бар деген алып-қашпа әңгемеге әнші тоқтау қойды. Айтуынша, екеуі әлі күнге дейін сыйласады, тек арада әзірге шығармашылық үзіліс бар.

«Қазір мен басқа композиторлармен жобалар жасап жатырмын. Мысалы, мен жақында ұлы композитор, бірнеше Грэмми сыйлығының лауреаты, Мэрайя Кэри шырқаған «All I Want for Christmas Is You» сияқты шедеврлердің авторы Уолтер Афанасьев жазған «Love Not Over Yet» әнін шығардым. Жаңалық болса, өздеріңізбен міндетті түрде, бөлісіп отырамын», - деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий