"Жақсылықты дер кезінде жасау керек екен": Бағлан Әбдірайымовтың кеш түсінген өкініші

Әнші Бағлан Әбдірайымов ата-анасына лайықты жағдай жасай алмағанына өкініш білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
«Жігіттер» квартетінің мүшесі, танымал әнші Бағлан Әбдірайымов сахнада ұзақ уақыт жүргеніне қарамастан, ата-анасына тиісті жағдай жасай алмағанына өкінетінін айтты. Ол өзін «дүниедегі оңбаған мен шығармын» деп атап, әке-шешесіне көлік алып беріп, үй салып бере алмағанын жеткізді.
Әнші бұл ойымен жақында берген сұхбаттарының бірінде бөліскен.
“Сахнада жүргеніме көп жыл болды. Бірақ сол жылдар ішінде ата-анамның алдында өзімді толық ақтай алмадым. Кейде тым кеш ойланып қалатыным бар. Жақсылықты дер кезінде жасау керек екен”, – деді Әбдірайымов.
Әншінің бұл шынайы мойындауы әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қолдау тапты. Көпшілік оның бұл әрекетін «ер адамға тән батылдық» деп бағалап, “Есеп бере білу – үлкен ерлік” және “Шынайылық үшін құрмет” деген сияқты пікірлер жазған.
Соңғы жаңалықтар





