«Жақсының жақсылығын айтайық»: Нұртас Айдарбеков бірнеше өңір әкімінің жұмысына оң бағасын берді

28.01.2026 11:20 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жақсының жақсылығын айтайық»: Нұртас Айдарбеков бірнеше өңір әкімінің жұмысына оң бағасын берді
64
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Нұртас Айдарбеков

Танымал продюсер Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздің бірқатар өңір басшыларының еңбегіне тоқталып, өз ойын ашық білдірді, деп хабарлайды Politico.kz

Продюсер саясаттан алыс екенін айтса да, жиі шетелге шығатын адам ретінде Қазақстандағы тазалық пен инфрақұрылым деңгейін жоғары бағалады.

«Қай елге барсам да, өз еліміздегідей жағдай мен тазалықты сирек кездестіремін. Қымбатшылық туралы айтып жатамыз ғой, бірақ басқа мемлекеттермен салыстырғанда біздегі баға соншалық ауыр емес екеніне көз жетеді. Әрине, “қарны тоқ болған соң айта береді” дейтіндер табылар. Бірақ мен саясаткер емеспін, тек көзбен көргенімді айтып отырмын», – деп жазды ол.

Нұртас Айдарбеков Қазақстанның көптеген қалаларын аралап жүргенін айтып, ірі облыс орталықтары мен мегаполистердегі жол сапасы мен тазалыққа ерекше тоқталды.

«Ауыл-аймақтарда кемшілік болуы мүмкін, ол жағын толық білмеймін. Ал үлкен қалаларда, шүкір, жолдар да, тазалық та жақсы. Бұрын көшелерде шұңқыр көп еді, қазір іздеп жүріп таппайсың», – дейді продюсер.

Сондай-ақ ол қазіргі әкімдердің жастардан шыққанын атап өтіп, олардың халыққа адал қызмет етіп жүргенін айтты.

«Бұл жігіттер әкім болмас бұрын-ақ кәсіппен айналысып, тұрмысын түзеп алған азаматтар деп ойлаймын. Істеріне қарап, “ақша жейін” деп емес, елге қызмет етейін деп келгені көрініп тұр. Осындай жастар басқару тізгінін ұстауы керек. Жақсының жақсылығын айтып жүрейік», – деп түйіндеді Нұртас Айдарбеков.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий