Жақында ажырасқан Сабина Алтынбекова үш жасар ұлымен мақтанды

08.05.2025 17:45 Берік Арманов
Жақында ажырасқан Сабина Алтынбекова үш жасар ұлымен мақтанды
961
Фото: instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде ұлының жетістігімен мақтанып, баласының даму қарқынын өзімен салыстырды, 

Спортшының айтуынша, 3 жасар ұлы қазірдің өзінде әріп жазуды үйреніп жүр, бұл оның өзі үшін тосын жаңалық болған.

Мен ағылшын тілімен айналысып отырғанымда, ұлым да алфавитті жазуға бел буды. Оның үш жасында мен құм жеп жүрсем, ол қазір ағылшынша жазып отыр, — деп бөлісті Сабина.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурыз айында Сабина Алтынбекова күйеуімен ажырасқанын хабарлаған болатын. Дегенмен, оның айтуынша, ұлы әкесімен араласуын жалғастырып келеді.

Сабина Алтынбекова 1996 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 17 жасынан бастап Қазақстанның волейбол құрамаларына шақырыла бастаған.
2014 жылы Азияның жасөспірімдер чемпионатында ең әдемі волейболшы атағына ие болып, ел ішінде және шетелде үлкен танымалдыққа ие болған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий