Жара жазылса да, ізі қалады – продюсер Мөлдір Мұқанова

Танымал продюсер, қазіргі таңда әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі видеосымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол өз парақшасында отбасы мәселесіне қатысты видеоны бөлісті.
"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі ол енді бұрынғы емес. Кімге таныс жағдай?" – деп жазды Тұрсынбек Қабатовтың әйелі.
Көпшілік продюсердің жазбасын жеке өмірімен тығыз байланыстырып жатыр. Өйткені әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші әйелмен тұрып жатыр деген қауесет тараған еді.
“Мөлдір, егер сен хайп жасасаң, халықты мазақ етсең, онда сен алаяқ қатарына қосыласың. Олай елді өзіме қаратамын деп мазақтауға болмайды. Халық саған ойыншық емес айналайын", "Не деген арзан хайп", "Отбасындағы проблеманы бүкіл елге жариялау не әдет?!" – деп жазды жұрт.
Соңғы жаңалықтар





