Жарнама және креатив индустриясы салық кодексінің жаңа ережелеріне қарсы шықты

Жарнама және креатив индустриясы Салық кодексінің жаңа ережелеріне наразылық білдірді
Қазақстандағы жарнама және креатив индустрия өкілдері Салық кодексіне енгізілуі мүмкін өзгерістерге алаңдаушылық білдіріп, Үкімет пен Парламент басшылығына ашық хат жолдады. Хатта жеке кәсіпкерлермен B2B форматындағы заңды әріптестікті шектеу қаупі туралы сөз болды.
Негізгі алаңдаушылық неде
Жаңа нұсқа бойынша, қарапайым (упрощенный) режимдегі ЖК қызметтерін сатып алу заңды тұлғалар үшін шығыс ретінде саналмайды. Бұл өз кезегінде:
- ЖК үшін — B2B нарығына кіруді шектейді, себебі олар ірі құрылым емес және бухгалтерия ұстауға шамасы жетпейді. Жалғыз заңды формасы — «упрощенка» еді.
- Агенттіктер мен продакшендер үшін — кемінде 20% қосымша шығын, орындаушылар шеңберінің қысқаруы, әкімшілік жүктеменің артуы.
- Экономика үшін — көлеңкелі жұмыспен қамтудың өсуі, салық түсімдерінің азаюы, дарынды кадрлардың шетелге кетуі, әсіресе медиа, ІТ және жасанды интеллект салалары зардап шегуі мүмкін.
Креатив қауымдастығының ұсыныстары
- ЖК-ға B2B сегментінде қызмет көрсетуге рұқсат сақталсын
- ЖК қызметтерін шығыс ретінде есепке алу құқығы сақталсын, егер келісімшарт пен құжаттар болса
- B2B форматында жұмыс істейтін ЖК үшін 6–8% аралығында жеке салық мөлшерлемесі енгізілсін
- Қажет болса, шығыс ретінде есепке алынатын қызмет құнына лимит белгілеу ұсынылды (мысалы, жылына 100 млн теңгеге дейін)
Бұл шаралар креатив индустриядағы заңды жұмыс істеудің жалғыз жолын сақтап қалуға, салық базасын жоғалтпауға және бәсекеге қабілеттілікті қорғауға мүмкіндік береді.
Үндеудің кімге жолданғаны
Хаттар премьер-министр Олжас Бектеновке, Парламент палаталарының төрағалары Мәулен Әшімбаев пен Ерлан Қошановқа, сондай-ақ Ерлан Қарин мен Айбек Дадебайға жолданған. eOtinish жүйесі арқылы жіберіліп, 10 шілдеге дейін жауап күтіледі. Қоса алғанда қол қойылған қағаз нұсқасы да жіберілмек.
Бұл бастама 29 мамыр күні Almaty Creative Hub алаңында өткен MarCom Club CA қауымдастығы ұйымдастырған салалық кездесуден кейін туындаған. Онда жарнама, PR және маркетингтің креатив индустриясына енетіні және салықтық қолдау шаралары туралы талқыланған болатын.
Дереккөз: Bes.media
Соңғы жаңалықтар





