Жас күйеуімен ажырастым деген Мереке Қалбаева тағы мәлімдеме жасады

Танымал әзілкеш әрі блогер Мереке Қалбаева өзінен алты жас кіші жарының тосынсый жасап, кешірім сұрағанын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол бұған дейін күйеуімен айырылысып кеткенін жариялаған болатын.
«Романтик емес күйеуім осы жолы ерекше қадамға барып, менен кешірім сұрады. Бұл оның шынымен де мені жақсы көретінін білдіреді. Алла бізге ұзақ та берекелі ғұмыр нәсіп етсін», – деп жазды әзілкеш.
Әлеуметтік желі қолданушылары Қалбаеваның жеке өмірін қызу талқыға салды. Бірі оның әрекетін «хайп» деп бағаласа, енді бірі «жұптары жазылмасын» деп тілек білдірді.
Ал әзілкеш сын айтқандарға да жауап берді:
«Бұл жолы шынымен қатты ренжіскен едік. Бір ай сөйлеспедік. Егер досымыз Азамат араға түспесе, осылай жүре беретін едік. Осындай сәтте достардың қолдауы ерекше маңызды екен», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар





