Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Дәкебаев 2 жылға сотталды
329
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін сабаған Нұрболат Дәкебаевқа үкім шықты.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты Нұрболат Дәкебаевты кінәлі деп тапты. Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Соңғы сөзінде Нұрболат Дәкебаев жәбірленушіден, қоғамнан кешірім сұрап, өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Ол тергеу изоляторында 7 ай отырған. Оның тергеу изоляторында отырған бір күні түзету мекемесінде екі күн болып есептеледі.
Жәбірленуші сотталушыдан 5 млн теңге талап еткен. Сот шешімімен Дәкебаев 2 млн теңге өтеуге міндеттелді.
Еске салайық, 27 қаңтарда түнде шақыртумен бір жасар балаға барған жедел жәрдем жүргізушісі мен айыпталушының арасында жанжал туған еді. Арты төбелеске ұласып, жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды.
Фото: видеодан кадр
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
23:32
Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы киножоба...
06.10.2026
23:28
Аптасына екі, жылына 120 кітап оқимын — Айдос С...
06.10.2026
23:17
Айдос Сарым: Билікті қатты сынап жүргендердің о...
06.10.2026
23:00
Блогер Дастан Мұхамедрахым: Менің үйім де, көлі...
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын
06.10.2026
21:49
Дастан Мұхамедрахым: Маңғыстаудікіндей табиғат ...