Желіде күйеуінен қан-жоса таяқ жеген тағы бір қазақ келіншегінің видеосы пайда болды

Желіде күйеуінен қан-жоса таяқ жеген тағы бір қазақ келіншегінің видеосы пайда болды
10.04.2025 11:02
0
106
ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде аты-жөні белгісіз келіншектің күйеуінен жүйелі түрде зорлық-зомбылық көріп жүргені жайлы бейнежазба таралып, қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды,  деп хабарлайды  POLITICO.KZ.

MADENIPORTAL.KZ таратқан ақпаратқа сәйкес, видеодағы әйел бұрынғы күйеуінің тарапынан тек физикалық емес, психологиялық қысым да көргенін айтып, көмек сұрайды. Ол күйеуінің ажырасқаннан кейін баланы өзіне қалдыру үшін қоқан-лоқы көрсетіп, тіпті жалған айғақтар дайындап жатқанын мәлімдеді.

Зардап шеккен келіншектің айтуынша, күйеуі құмар ойынға тәуелді және оның атынан бірнеше рет несие рәсімдеп, отбасылық құндылықтарды да құрбан еткен. Алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп, әйелінің сенімін бірнеше мәрте аяққа таптаған. Сонымен қатар, келіншек күйеуінің анасының да бұл жағдайға көз жұма қарап, ұлының әрекетіне тоқтау салмағанын жеткізді.

Оның айтуынша, сәуірдің 22-сі күні Астана қаласында өтетін сот отырысында күйеуі мен оның отбасы үш жасар қызын тартып алу үшін қолдан жалған арыз жазып, келіншекті жағымсыз кейіпте көрсетуге тырысып жатыр. Осындай әділетсіздікке тап болған әйел қоғамнан, құқық қорғау органдарынан шынайы қолдау мен әділ шешім күтетінін жеткізді.

Бұл оқиға отбасылық зорлық-зомбылық мәселесінің қоғамда әлі де өзекті екенін және мұндай жайттарға бей-жай қарамау қажеттігін көрсетеді. Желі қолданушылары әйелдің жанайқайына құлақ асып, тиісті органдардың шұғыл әрі әділ әрекет етуін талап етуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий