Желіде Тоқаев туралы құпиясыздандырылған британ құжаты жарияланды

Желіде Тоқаев туралы құпиясыздандырылған британ құжаты жарияланды
27.08.2025 22:22
0
57
Фото: facebook.com/cemil.hasanli

КСРО тарағаннан кейін отыз жыл өткен соң Ұлыбританияның ұлттық мұрағатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы айтылған құжаттар қолжетімді болды. Әзербайжандық тарихшы Джемиль Гасанлы олардың үзінділерін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

1994 жылы Тоқаев сыртқы істер министрі болып тағайындалғанда, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі оның білімі, тілдерді меңгеруі, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жұмыс тәжірибесі туралы анықтама дайындаған.

Құжаттарда Тоқаевтың АҚШ, Канада, Өзбекстанға жиі барғаны, әріптестерімен байланыс орнатқаны және Қытаймен шекарада еркін экономикалық аймақтар құруды ұсынғаны жазылған.

Әзербайжандық тарихшының жариялаған деректеріне саясаттанушы Ғазиз Әбішев назар аударды.

«Ұсынылған құжаттан оның Ұлыбританияның саяси басшылығына дайындалғанын аңғаруға болады – 10 Downing Street мекенжайында премьер-министр кеңсесі орналасқан. Жалпы, бұл белсенді дипломатиялық қызметтердің тәжірибесі. Ал әлемдік ықпалға ұмтылған елдерде (англосаксондар, олардың одақтастары мен қарсыластары) ұлттық элиталарды талдау бойынша нақты жолға қойылған тетіктер бар», – деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий