Желтоқсан айында қосымша демалыс күндері күтіп тұр
2025 жылдың желтоқсан айында бестік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін қазақстандықтарды 9 демалыс күні мен 22 жұмыс күні күтіп тұр. Қосымша демалыс Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай беріледі.
Биыл елдің басты мемлекеттік мерекесі — Тәуелсіздік күні сейсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты азаматтар аптаның ортасында қысқа үзіліс жасай алады.
Алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін де Тәуелсіздік күні ресми демалыс күні болып саналады. Алайда олардың жалпы демалыс уақыты қысқарақ — 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады.
Айта кетейік, 31 желтоқсан 2025 жылы жұмыс күні болып қалады. Сондықтан қазақстандықтарға жаңа жылдық дайындық пен сатып алуларды алдын ала жоспарлаған жөн.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету туралы бастама қайта талқыланған болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күн ресми мерекелер тізіміне кірмейтінін, сондықтан оның демалыс күні ретінде белгіленуі әзірге орынды емес екенін мәлімдеді.
Желтоқсан айындағы кәсіби мерекелер
Тәуелсіздік күнінен бөлек, желтоқсан айында бірқатар кәсіби мерекелер де аталып өтеді:
5 желтоқсан — Адвокаттар күні;
6 желтоқсан — Прокуратура қызметкерлері күні;
13 желтоқсан — Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні;
20 желтоқсан — Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;
22 желтоқсан — Энергетиктер күні және Мұрағатшылар күні.
Соңғы жаңалықтар