"Жеті рет дуаландым": Әнші Мұрат Қожа өмірінің астан-кестеңі шыққанын айтты

Нұрлан мен Мұрат тобының танымал әншісі Мұрат Қожа соңғы жылдары сахнадан сирек көрінуінің себебін «Алғашқы» бағдарламасында ашық айтты.
Өнер иесі ауыр дерттен өткенін, тіпті өмір мен өлімнің арасында арпалысқан сәттері болғанын жасырмады.
«Адам есіне алғысы келмейтін сәттер болады. Мұндайды дұшпаныңа да тілемейсің. Өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан оңай емес. Құдайға “Мені алып кетші, болды, шаршадым” деп жалынған кездерім болды», – дейді әнші.
Ол бір жыл бойы арбаға таңылып, одан бұрын екі ай қимылсыз жатқанын және тек дәрілермен ғана күн көргенін баяндады. Дерттің нақты диагнозы болмағанымен, оның себебі дуаланған арақтан болғанын айтып,
«Мені дуалаған әйел адам болып шықты. Бір рет емес, жеті рет дуалапты. “Ақшасы болмасын, бала-шағасынан айырылсын, бауырларының жолы кесілсін” депті», – деп өзінің ауыр тағдырын бөлісті.
Бүгінде Мұрат Қожа ем қабылдап, аяққа тұрып, өмірінің жаңа кезеңін бастап жатыр.
Соңғы жаңалықтар





