Жетісу облысында жанжал кезінде әйел күйеуін өлтіріп алды

15.06.2026 09:35 Мөлдір ҚАЙНАР
Жетісу облысында жанжал кезінде әйел күйеуін өлтіріп алды
158
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Жетісу облысының Текелі қаласында күйеуін өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын әйел ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусым күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде араларында тұрмыстық жанжал туындаған. Жанжал барысында әйел күйеуіне пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу барысында өлімге әкелген жарақатты әйелдің ерлі-зайыптылардың бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезінде салғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынып, Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Войдите, чтобы оставить комментарий