Жетісуда өзенге құлап кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

16.05.2025 • 07:40 Admin
Жетісуда өзенге құлап кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды
454
Фото: Видеодан кадр

Жетісуда өзенге құлап, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Кербұлақ ауданында жоғалған әскери қызметкерді Жетісу ТЖД құтқарушылары тапты. Марқұмның денесі кеше, 15 мамырда  ағыс бойымен 15 шақырым төмен жерден табылды. 36 жастағы ер адамның денесі полицияға тапсырылып, сараптама тағайындалды.

«ТЖД, орман күзеті күштері, жергілікті атқарушы органдары, полиция, әскери полиция және қорғаныс министрлігінің бөлімше қызметкерлері ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Барлығы 98 адам мен 22 техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар жұмылдырылды», деп хабарладыьЖетісу облыстық ТЖД.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий