Жігіт болашақ жарының ота жасатқанға дейінгі суретін көріп, үйленуден бас тартты

Жігіт болашақ жарының ота жасатқанға дейінгі суретін көріп, үйленуден бас тартты
18.07.2025 11:34
0
249
pixabay.com

Дағыстанда болашақ жарын бұрынғы келбетіне қарап, үйленуден бас тартқан жігіттің оқиғасы желіде қызу талқылануда. Сhp_dagistane парақшасы хабарлағандай, Нариман есімді азамат сүйіктісі Патиматтың пластикалық отаға дейінгі суреттерін көрген соң, үйлену жоспарынан бірден бас тартқан.

Ол қалыңдығының табиғи келбетіне қарап, онымен болашақ ұрпақ туралы ойын өзгерткен.

Патимат пен Нариман алғаш рет кеште танысып, қарым-қатынастары махаббатқа ұласқан. Уақыт өте келе Нариман оған үйленуге шешім қабылдайды. Патимат өз кезегінде ринопластика, бөксе аймағына липофилинг, сондай-ақ ерні мен бет сүйектеріне филлер салдырғанын жасырмаған. Алайда жігіт сүйіктісінің бұрынғы фотоларын көрген сәтте-ақ шешімін өзгертіп, онымен некелесуден бас тартқан. Ол сүйіктісінің табиғи геніне көңілі толмай, одан бала сүйгім келмейді деген тоқтамға келген.

Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбіреулер ер адамның әрекетін шыншылдық пен генетикаға байланысты деп қорғаса, басқалары бұл жағдайды сырт келбетке тым көп мән берудің салдары деп бағалауда.

Дереккөз: Politico.kz

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий