Жоғалған отбасы ісі: “Атыраулық хакер” кім және ол неге күдік тудырып отыр?
Атырау облысындағы елді дүрліктірген оқиғаға байланысты жоғалған азаматтар туралы деректерді өз бетінше зерттеп, әлеуметтік желіде жариялаған “Атыраулық хакер” алғаш рет өзі жайында ашық мәлімет берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Онымен атыраулық блогер Қадырбай сұхбаттасқан.
«Есімім – Нұрлан. Мұны көпшілік біледі. Мен ешқашан жеке суреттерімді интернетке салмаймын. Дегенмен жүргізіп отырған аккаунтым мен жасаған жұмыстарым арқылы мені танитындар бар деп ойлаймын. Атырау облысы, Құрманғазы ауданының тумасымын. Instagram желісінде “Хаккер Атырау” парақшасын жүргіземін. Негізгі бағытым – IT саласы, ақпараттық қауіпсіздік, түрлі шолулар мен зерттеулер», – дейді ол.
Нұрлан бала кезінен техника мен технологияға жақын болғанын, бұл салаға бірден келмегенін де жасырмады.
«Қазіргі деңгейге жеткенге дейін түрлі салада еңбек еттім. Жүк тасушы да, такси жүргізушісі де болдым. Кейін қызығушылығым артып, өз бетімше іздене бастадым. Мәскеуге барып, білімімді жетілдірдім. Бірақ маған оқу ордаларынан гөрі өзімнің тәжірибем мен үздіксіз ізденісім көбірек көмектесті. Бұл салада 2019 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Алғашқы тапсырмам – атыраулық азаматтың бұзылған аккаунтын қалпына келтіру үшін жасалған кибершабуылды анықтау болды», – дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін “Атыраулық хакер” Атырау облысында бірнеше айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының ісіне қатысты өз болжамын айтып, әулеттің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевті негізгі күдіктілердің бірі ретінде атаған болатын.
Соңғы жаңалықтар