«Жолаушы жүргізуші әйелді бауыздап тастаған»: Астана тұрғыны елді шошытты
976
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты TikTok желісінде жалған ақпарат таратып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін бұзған қала тұрғынына қатысты істі қарады.
Соттың мәліметінше, астаналық әйел өзінің жеке парақшасында Астанада бір жолаушының жүргізуші әйелді бауыздап тастағаны туралы видео жариялаған. Бұған жауап ретінде полицейлер бұл дерек еш жерде тіркелмегенін және ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Сот отырысында айыпталушы А. өзіне тағылған айыппен ішінара келісіп, келесі күні видеоны өшіргенін, бірақ басқа желі қолданушылары оны таратып үлгергенін айтты. Видеоны жариялаудағы мақсаты такси жүргізушілеріне кездейсоқ жолаушылардан аулақ болуға үндеу және болашақта болуы мүмкін қылмыстардың алдын алу екенін атап өтті, – делінген сот хабарламасында.Сот шешімімен әйел құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Фото: Funstock/Shutterstock
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
00:03
Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақст...
19.08.2026
00:02
Мәдинаның жеңгесі: Аяғы ауыр әйел өзін ешқашан ...
18.08.2026
23:20
Марқұм Мәдинаның жеңгесі: Арқасында шыбық ізі б...
18.08.2026
22:48
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін жаңғырту...
18.08.2026
21:51
Азаматхан Әміртай: Үлкен соғыс болды, мені аяға...
18.08.2026
21:24
Қазақстанда Инстасамканың концерттерін өткізуге...