Жойқын жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 69 адам зардап шекті

03.06.2025 • 09:43 Admin
Жойқын жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 69 адам зардап шекті
493
Фото: freepik.com

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды. Жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Табиғи апат бүгін, 3 маусым күні таңертең болды. 5,8 баллдық зілзада салдарынан 69 адам зардап шекті.

Жерасты дүмпулері Эгей теңізінде, Мугла курорттық қаласынан небәрі 10 шақырым жерде тіркелді.

Мугла провинциясы губернаторының айтуынша, 69 адам медициналық көмекке жүгінді. Ал өзін құтқарамын деп биіктен секірген 14 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды.

Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Али Ерликая айтты. 

69 адам биіктіктен секірген, 46-сы ауруханаға жатқызылды. 

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий