Жұбайынан мәһрге принтер сұраған мұғалім желі жұлдызына айналды
Әлеуметтік желіде жұбайынан мәһрге түрлі түсті принтер сұраған мұғалімнің видеосы танымал болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Жас жұбайлардың мешіттегі неке қию рәсімі кезінде имам келіншектен сыйлыққа не қалайтынын сұраған. Мұғалім жұбайынан түрлі түсті принтер алып беруін өтінді.
Көп келіншек әдетте алтын әшекей сұрайтыны белгілі.
«Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ» - деп жазба қалдырды автор.
Қалыптасқан дәстүрді бұзған мұғалімге желідегілер әзіл аралас пікірлер қалдырып жатыр.
«Неке қиып жатса да, жұмысын ойлайтын мұғалімдер-ай», «мен де қазіргі уакытта тұрмыс құрсам солай айтар ма едім, мұғалімдер-ай, неге бізді Құдай осылай жаратты екен», «мен де 10 жыл бұрын мамандығыма байланысты принтер мен ноутбук сұраған едім, есіме түсіп кетті ғой», «киім алса да, мектепке киюге болатынын ойлап тұратын мұғалімдер-ай», - деп жазып жатыр қалың жұртшылық.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...
31.10.2026
12:08
Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орн...
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...