«Жүк тасымалындағы былық»: Депутат Көлік министрлігін айыптады

Өткен аптаның соңында Алматыда қазақстандық жүк тасымалдаушылар мен оның төрағасы Алтай Әли бастаған Көлік министрлігі Автокөлік комитетінің жұмыс жиналысы өтті. Кездесу барысы жүргізушілер мен көлік компанияларына шетелдік рұқсат бланкілерін беру тетігінің жұмысына арналды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл тақырып Гипорборей YouTube арнасында ашық айтылды. Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы Көлік министрлігіндегі былықтарды жайып салды.
Жазда комитет бір жарым мың жүк көлігінің жұмысын тоқтатты. Бұл 167 компанияға тиесілі. Кездесуде өткен айда 30 компания Қазақстаннан тыс жерлерге бармағаны белгілі болды. Бұл тақырыпты Парламентте мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметдінұлы бірнеше рет көтерген.
“2025 жылдың қаңтарында жаңа заң енгізілді. Сол ережемен бірге ақпараттық жүйе де іске қосылуы керек болған. Бірақ ол шілденің соңына дейін жұмыс жасамады. Менің есебім бойынша 18 мың жүк көлігі Қазақстанда рұқсатсыз жүр. Тахографпен жабдықталған көліктерде рұқсат қағазы міндетті түрде болуы керек. Бұл біздің еңбек кодексімізде енгізілген. Жүргізуші бір күнде 8 сағаттан артық жүруге болмайды. Себебі апатты жағдайлар көбеюі мүмкін”, - деді Болатбек Нажметдинұлы.
Депутат бір жарым мың жүк көлігінің жұмысын не үшін тоқтағанын түсіндірді.
«15 қаңтарда қабылданған заң бойынша, шекарылық бақылау мен интеграцияланған ақпараттық жүйеде бланка алған жүк тасымалдаушылардың жеке мәліметін шығару керек болған. Автоматты түрде бұл мәлімет Көлік министрлігіне түсіп, оны зерттеп, бұл бланкыны алған жүк тасымалдаушы компаниялар заңсыз жұмыс жасамайтынын растайтын болған. Бірақ жұмыстар атқарылмаған. Қаңтардан бастап тексерістер болғанада мұндай жағдай болмас еді. Жүйе толық дайын болмағаны үшін осындай жағдайлар болып жатыр», - деді депутат.
Болатбек Нажметдинұлы бұл жағдарларға Көлік министрлігін айыптап, мәселені мәжілісте көтеретінін баса айтты.
Журналист Михаил Козачков Әлиев деген атпен белгілі AMANAT партиясының депутаты Болатбек Нәжіметдінұлының сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандығы туралы дәлелдер жариялады. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін соттылығы бар адам депутат бола алмайды.
Соңғы жаңалықтар





