Жұлдыз Әбдікәрімова енесін "Гүлзира Үсенқызы" деп атады
1314
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова арнайы Астанадан ұшып келіп, енесі Гүлзира Айдарбекованың дүкенінің ашылу салтанатына қатысты. Қайрат Нұртастың келіншегіне дүкеннің тұсаукесер рәсімін өткізу мәртебесі бұйырған.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында мерекелік шарадан видео жариялап, Айдарбековаға жазба арнады. Өнер иесі аса жауапты сәтте өзіне сенім артқан жұлдызды енесіне алғысын айтқан.
Қайрат Нұртастың келіншегі жаңа дүкеннің тұсаукесер рәсімін өткізіп, қызыл лентаны кескен.
"Бүгін Алматыда Гүлзира Үсенқызының дүкенінің ашылу салтанатына қатыстым. Лента, тұсау кесетін жасқа жетіп қалғанымды байқамай қалыппын. Жауапты сәтте маған сенім артып, тапсырғаныңызға рақмет. Кәсібіңіз берекелі, табысты болсын", - деген жазба арнады актриса.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...