Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлының немен ауыратынын айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлының немен ауыратынын айтты
17.10.2025 10:09
0
578
Видеодан скриншот

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлын клиникаға тексертуге алып келгенін көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qazaq Today ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Хан бес жасынан бастап көзілдірік тағады – астегматизм. Алты ай сайын тұрақты түрде тексеріліп тұрамыз. Міне бүгін кезекті рет тексерілуге келіп тұрмыз. Бізге қосымша қан тапсыру керек деді. Қан талдаудың нәтижесі бойынша, қандай дәрумендер ішу керек, оны да бізге айтады», — деді ол.

Сондай-ақ актриса бала денсаулығына байланысты ата-аналарға кеңес берді.

«Жалпы баланы жарты жыл сайын сheck-up жасатып тұру керек. Мен Ханды міндетті түрде өткізіп тұрамын, өйткені әлі кішкентай, 11 жасқа енді толады, алдын-алған дұрыс деп ойлаймын. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс», — деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий