«Жұлдыздың қызына неге бармайсыз?»: Қайрат Нұртастың әкесі Заңғардың ұлына терме шырқап берді

31.10.2025 08:40 Айсұлу Мұрат
«Жұлдыздың қызына неге бармайсыз?»: Қайрат Нұртастың әкесі Заңғардың ұлына терме шырқап берді
0
474

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков жақында ғана туылған немересіне домбырамен ән арнады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Домбырасын арқалап, келінінің бөлмесіне кіріп, Заңғардың ұлына термесін шырқап берді. Сәби әлі қырқынан шықпаған. 

"Аллаға шүкір, биыл урожайный год болды! Алла өмір берсін бәріне!", - деп жазды ол. 

Әкесінің бұл әрекетін оқырмандары жақсы бағаласа, енді бірі сынап тастады. 

"Қайраттың баласына да барып қайтыңыз", "Қолдағы немере мен сырттағы немере бөлек болады", "Баяғыда қайын атасы келіннің бөлмесіне кірмейтін болған", "Домбыраңызды алып Қайраттың рабиясына барыңыз енді", "Атасының көзінше келіні жалаңбас жүре бере ме екен", "Рабия-Сұлтанға да барып ән арнаңыз", "Келініңіз орамалсыз жүреді, баланың аузына шаша түседі", "Жұлдызға да барып әу деп қайтыңыз", "Жұлдыздың қызына неге бармайсыз", - деп жазды олар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий