Жұмысшыларға ет асқан Тамара Асар елді тәнті етті

Танымал әнші Тамара Асар жолдасының зауытында Наурыз мейрамына орай ас беріп, мерекелік кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Астық элеватор жабдықтар зауыты қара жұмыстың қазанында қайнаған қарапайым жұмысшыларға арналған Наурыз мейрамын өткізді.
Тілі бөлек болса да, тілегі бір, діні бөлек болса да, еңбектегі жүрегі бір жұмысшыларға Қыдыр Ата батасын беріліп, киіз үй тігіліп, қазан көтеріліп, дастархан жайылып, самаурын қайнатылып, наурыз көже, қуырдақ, шелпек, бауырсақ пісіріліп, тәттілер таратылып, бағалы сыйлықтар беріліп, лоторея ойнатылып, арқан тартыс, гир көтеріп мәре-сәре болды.
Біз бүгін баларымызбен бәріміз жұмысшыларға қызмет жасадық…», – деп жазады әнші.
Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына сүйсініп, адал жар бола білгеніне тәнті болды.
Соңғы жаңалықтар





