Жүнісова: Жатақханада тұрдым, Заманбек ағадан көмек сұрауға барғанмын

Жүнісова: Жатақханада тұрдым, Заманбек ағадан көмек сұрауға барғанмын
27.08.2025 21:07
0
87
видео скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен алғашқы таныстығы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, бұл кездесу 1989 жылы «Гүлдер» ансамблінде өнер көрсетіп жүрген, жатақханада тұрған кезіне сәйкес келеді. Сол уақытта ол баспана алу мәселесімен саясаткерге жүгінген.

"Ол кісінің мысы басым еді.  Жеткенше аяғым дірілдеп кетті. Тесіліп қарап отырды. Қағазға жазып алған өтінішімді әрең айтып шықтым. Тоғыз жыл жатақханада тұрып жатырмын, бірінші кезекте тұрмын. Бірақ бізде "Гүлдерде" жүрген қыздарды күйеуге шықса болды, кезектен шығарып тастайды. Соны айттым. Ол кісі бәрін тыңдап отырды да: "Бара бер! 20 күннен кейін кел" деді. Шок болып қалдым. Бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатыр едім. "Сіз маған "иә" не "жоқ" деп айтыңызшы. Бересіз бе, бермейсіз бе?" деп сұрап тұрмын. Ол кісі орнынан атып тұрып «Бар, саған түсіндіреді" деді. Сол сәтте өзім де шошып кеттім. "Енді алдыңызға келмеймін" деп жатақханаға барып, өкіріп жыладым", – дейді әнші.

Мақпал Жүнісова жарты жылдан кейін Заманбек Нұрқаділовпен қайта кездескенін айтады. Гастрольдік сапармен Мароккоға баратын кезде ол делегацияны бастап барған. Саясаткер кейін әншіге бұл сапарға әдейі барғанын айтқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий