Журналист Арман Шораев әлеуметтік желіде бейәдеп сөз қолданғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды
Журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораев әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтқаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, заңбұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған, деп хабарлайды Politico.kz сайты kozachkow телеграм арнасына сілтеп.
Істің мән-жайы ол бөліскен скриншотқа қатысты болып отыр. Бұдан бірнеше күн бұрын Шораев Instagram-дағы парақшасында Бурабай аудандық полициясының осы скриншотты қайта жариялағаны үшін өзін жауапқа тартуға тырысып жатқанын жазған болатын.
Айта кетейік, соңғы айларда бұл Арман Шораевтың полиция назарына ілігуі бойынша бірінші жағдай емес. Мамыр айының соңында Көкшетау тұрғынының «белгісіз екі адам кәмелетке толмаған ұлын ұрып-соғып, телефонын шағып кеткен» деген арызынан кейін оған бағытталған бағдарлама (ориентировка) тараған еді. Шабуыл жасағандардың бірі Шораев болуы мүмкін деп болжанған.
Қоғам қайраткері бұл ақпаратты теріске шығарғанымен, сол күні полицияға өзі барып, тиісті процестік тексеру шараларынан өткен болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...
23.10.2026
20:54
«Америкада жүр» деген Мәсімов әлі түрмеде отыр
23.10.2026
20:30
Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғал...
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды