Журналистермен көзқарасымыз бірдей - президент

Журналистермен көзқарасымыз бірдей - президент
30.05.2025 13:29
0
94
видеодан алынған кадр

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әл- Жазира арнасына сұхбат берді.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект, жалпы ішкі өнім, Қазақстанның көрші елдермен қарым-қатынасы туралы айтып берді.

Тілші президенттен: Сіз елде реформа жасап жатырсыз, оның ішінде журналистерге қарсы реформаны қайта қарау керек деп ойламайсыз ба? Шектеусіз журналистер ұйымы Қазақстанда жұмыс істеу үшін шектеуді алып тастауды талап етіп отыр, бұған қалай қарайсыз?

Тілшінің сұрағына ел президенті "барлық журналистермен тығыз байланыстамыз" деп жауап берді.

Біз барлық журналистермен тығыз байланыстамыз. Олар опазициялық күштер деп аталатындарды қолдаса да, біздің стратегиямызды мадақтаса да, олармен көзқарасымыз біррдей. Біз барлық реформамызды аяқтадық деп айта алмаймын. Бұл процесс өте ұзақ. Қазақстан реформатор ел. Біз реформамызды жалғастыра береміз, оған ешқандай кедергі болмайды -деп жауап берді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий