Жұртты сынаған әнші Меруерт Түсіпбаева ұятқа қалды

Жұртты сынаған әнші Меруерт Түсіпбаева ұятқа қалды
23.07.2025 16:36
0
516
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде ыңғайсыз жағдайға тап болып, жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші ән айтып тұрған сәтінде фонограмма кенеттен тоқтап қалған. Алайда ол кәсіби шеберлігін көрсетіп, әнді тірідей жалғастырудың орнына, абдырап, бір орында тұрып қалған. Бұл сәтті көріп үлгерген әлеуметтік желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваның әрекетін қызу талқылап, түрлі сын-пікірлер жазды.

Пікір білдірушілердің кейбірі:

“Баянды сынағанда бәледей еді”, “Керемет әнші болса, жалғастыра бермей ме?”, “Жұртты келеке ете беретін еді”, “Өзінің маскасы шешілді” – деп жазды.

Желі қолданушыларының бұл сыны Меруерт Түсіпбаеваның бұған дейінгі өнердегі ашық пікірлерімен де байланысты болып отыр. Қазір бұл жағдай желіде қызу талқылануда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий