«Жуырда күйеуі қайтыс болған»: Астанада ұшақ апатынан көз жұмған әйелдің артында үш баласы қалды

Бүгін 43 жастағы Диана Ахметованың жаназасы өтті. Ол 17 тамыз күні Астананың маңында болған ұшақ апатында ұшқыш Арман Мусинмен бірге қаза тапты, деп жазады POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Екі орынды ұшақты Арман Мусин басқарған. Өкінішке қарай, әуе көлігі апатқа ұшырап, борттағы екі адам – ұшқыш пен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Әуе апатына ұшыраған жолаушы – үш баланың анасы, 43 жастағы Диана Ахметова. Оқиға болған сәтте оның балалары үйінде қалған. Марқұмға 16 тамыз күнгі туған күніне орай арнайы сертификат берілген.
Жақындарының айтуынша, жуырда ғана Диана күйеуінен айырылған. Енді оның артында 19 жастағы қызы мен мектеп жасындағы екі ұлы жетім қалды.
«Ол өте белсенді, жанашыр әрі қамқор жан еді. Волонтер болып, ат клубтарына қатысатын. Үнемі өз отбасына ғана емес, өзгелерге де көмектесуге тырысатын. Диана көп жақсылық жасады, ешқашан біреудің қайғысына бейжай қараған емес», – дейді оның құрбысы блогер Ерлан Сәкеновке берген сұхбатында.
Соңғы жаңалықтар





