«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
379
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы халықтың денсаулығын, сапасын мемлекет дұрыстауға міндетті екенін жазады.
"Горилладан, энергетикалық сусыннан өліпті" дегенді жиі еститін болдық. "Жылқы еті – харам" дейтін арабқұлдар неге осындай сусындарды, ағзаға, денсаулыққа зиянды, өмірге қауіпті ас-суларды "харам" демейді? Пайғамбардың өзі айтқан, "денсаулыққа пайдалы нәрсе жеңдер, ал ағзаға зияндының бәрі – арам" деген. Сауатсыз имамдар оны айтпайды. Ал жылқы еті, сүті - нағыз денсаулыққа пайдалы, адал ас! Жалпы, денсаулыққа не зиян (зиянды ас-су, арақ, темекі, насыбай, наркотик, азарт ойындар, арам ақша, артық ойын-күлкі, қызғаныш, көреалмаушылық, іштарлық, уайым-қайғы т.с.с.) - соның бәрі арам... Тіпті, көп ішсең - кофе де зиян, әсіресе, буын ауруларына өте зиян. (Бұрын, өз басым, "кофеман" едім, соңғы жарты жылда, қанша ішкім кеп тұрса да, өзімді тыйдым. Аптасына бір рет, сағынып-аңсап дегендей жарты қасық қана салып, жарты чашка ғана ішуге өзімді үйреттім. Ең алдымен адамның өз-өзіне жаны ашу керек... өзіне жаны ашымайтын адамға менің де жаным ашымайтын болған. Ал халықтың денсаулығын, сапасын мемлекет дұрыстауға міндетті. Үкімет (мемлекет) азық-түлік қауіпсіздігін қолға алатын кез баяғыда жеткенін тағы да қайталаймын... сөрелерде толып тұрған сусындар мен темекілерді, қытай лапшаларын құртатын кез баяғыда жетті. Стандарттау, сертификаттау басқармасы бар ма өзі? Госстандарт, халықаралық стандарт деген нормалар жұмыс істей ме? Менен кеңес: ағарған көп ішіңіздер (айран, сүт, қымыз, шұбат, саумал, құрт, ірімшік). Ет, құйрықмай да көбірек жеп тұрыңыздар. Күнде таңертең ашқарынға жылы балсу ішуді әдетке айналдырыңыздар!", – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Соңғы жаңалықтар
17.03.2026
17:19
Мәйіті қоқыстағы сөмкеден табылған: Ақтөбедегі ...
17.03.2026
16:10
Алматыда 7-сынып оқушысының қазасына қатысты ты...
17.03.2026
16:01
Жемқорлық бойынша сотталған Хаменова түрмеге ба...
17.03.2026
15:02
Президент жаңа Конституцияға сәйкес адал қызмет...
17.03.2026
14:56
Тоқаев алпыстан астам заңға түзетулер енгізу қа...
17.03.2026
14:47
Президент парламент сайлауы өтетін мерзімді атады