"Арзан күлкі шаршатты": Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарына ақыл айтты
536
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде қазақ киносы туралы тақырыпты қозғап, оған қатысты қандай ойда екенін айтты. Өнер иесі бүгінде отандық туындылардан нені көргісі келетінін жеткізді.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында оқырмандары жолдаған бірқатар сауалдарға жауап берді. Қайрат Нұртастың келіншегі отандық киноиндустрияда "арзан күлкі" сарындағы кинолар көбейіп кеткеніне шүйлікті. Актриса фильмдердің тәрбиелік мәні болғаны аса маңызды екенін атап өтті.
"Шыны керек, арзан күлкі шаршатты. Көрерменнің сұранысы деп шектен шыққандай. Экранға шығатын дүниенің бәрі ой салса, тәрбиелік мәні болса деген ой мені мазалайды", - деп жазды өнер иесі.
Сонымен қатар Әбдікәрімова мамандығын сөз етіп, актер болғысы келетін жастарға кеңес берді.
"Актер болу үшін міндетті түрде оқу керек. Бұл менің бала күннен армандаған мамандығым", - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
15:28
Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызм...
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...
20.09.2026
11:19
Ертісте қайық апатынан кейін жоғалған азаматтың...
20.09.2026
10:20
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза ...