Әскердегі қайғылы жағдай: Маңғыстауда бір сарбаз қаза тапты
402
Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында бір сарбазға байқаусызда оқ тиіп, көз жұмды.
Қайғылы оқиға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.
Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін арашалау мүмкін болмаған. 17:40 шамасында ер адам көз жұмды.
Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
14:07
«Денсаулықпен ойнауға болмайды»: Азамат Сатыбал...
14.09.2026
13:56
Атырау әкімі Шәкір Кейкин қызметінен кетті
14.09.2026
12:50
Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу м...
14.09.2026
12:50
Фариза Оңғарсынованың ұстазы дүниеден өтті
14.09.2026
11:56
Баласын жалғыз тәрбиелейтін экс директор 2 жылғ...
14.09.2026
11:53
20 жастағы жігіт әжесін өлтіріп, қылмыс ізін жа...