«Денсаулықпен ойнауға болмайды»: Азамат Сатыбалдының видеосы елді алаңдатып қойды
Танымал актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты ашығып жүргенін мәлімдеп, оқырмандарына арнайы ескерту жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл тәсілдің адам ағзасы үшін оңай емес екенін және оған алдын ала дайындық пен білім керектігін қатаң ескертті.
«Менің ағзам осыған үйренген. Мен 10 жылдан асты, жылына екі рет ашығып жүргеніме. Сондықтан абайлау керек. Денсаулықпен ойнауға болмайды. Алла жар болсын», – деп жазды ол.
Алайда актердің сыртқы келбетін көрген желі қолданушылары оның денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, жарыса пікір қалдырды. Оқырмандардың бір бөлігі «Мына түріңіз ұнамай тұр, әрең отырсыз, ілініп-салынып. Ауырып қалдыңыз ба?», «Көз кіртиіп, мойын қылқиып кетіпті, аман болыңызшы» деп уайымдаса, енді бірі мұндай қауіпті әдістерді желіде насихаттамауды сұрады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
19:05
Атыраудағы жарылыстан зардап шеккен адамның жағ...
29.10.2026
18:09
Қазақстанның Қорғаныс министрі қаза тапқан және...
29.10.2026
17:01
Мехикода Димаш Құдайбергенге арналған арнайы ав...
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...