Астаналық қыз «Ханшатырдың» алдында ішкиімін шешіп тастады
2050
Астана тұрғыны, танымал блогер Карина «Ханшатыр» сауда орталығының кіреберісінде, дүйім жұрттың алдында түсірілген арандатушылық бейнесін жариялап, қоғамдық резонанс тудырды.
Бейнежазбада бойжеткен іш киімін шешіп, оны камераның алдында желбіретіп жүрген. Сондай-ақ ол видеосына «Өзіне сенімді қыздарға ішкиім керек емес» деген анықтамасын жазып қойған.
Бұл әрекет бірден желі қолданушыларының назарын аударып, наразылығын тудырды. Олар мұндай әрекеттердің қоғамдық орында жасалуының орынсыз екенін және моральдық нормаларға сәйкес келмейтінін айтып жатыр.
Liter.kz редакциясы жолдаған сауалға Астана қаласының полиция департаменті жауап берді. Олар бұл оқиғаның қылмыстық іс қозғауға негіз болмайтынын алға тартқан. Алайда мән-жайды бағалау үшін оқиғаны егжей-тегжейлі тексеруді уәде етті.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
21:15
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 ...
24.09.2026
20:26
Ақтау мәйітханасына қаза тапқан сарбаздардың ту...
24.09.2026
19:59
Каспийдегі қайғылы оқиға: Үкіметтік комиссия Ма...
24.09.2026
19:31
Каспий теңізінен құтқарылған сарбаздың жағдайы ...
24.09.2026
19:08
Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні ...
24.09.2026
18:41
Дәрігерлер бас сүйегі бірігіп туған егізді сәтт...