«Ата-анаң Құдай ма?»: Қанат Айтбаев сәлем салмайтын келіннен қорқады
2914
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев келіннің сәлем салуына қатысты өз ойын білдірді.
Ол алдымен үлкенге құрмет көрсетіп, сәлем салу келіннің сыйластығы мен ізеттілігін арттыратынын атап өтті.
Қазір келіннің «Ата-анаң Алла ма, Құдай ма? Сәлем салмаймын адамға» деп айтып жатқанын естіп қалғанда, тосырқап қаламын. Келіннің үлкенге сәлем салуының 3 факторы бар: келін қайын ағасына сәлем етеді, өзінен үлкен апаларына сәлем етеді, ата-анасына сәлем етеді. Сәлем салған кезде қайын аға өзінің орнын біле қояды. Ол аға екенін біліп, салмақты формасына келеді. Қайын апа да өзінің салмақты формасына келеді. Кіші ізет жасап тұрғанда, «Бақытты бол!» деп батасын береді. Ортада бір сыйластық қалыптасады. Ата мен енеге сәлем салғанда, ол да «Бақытты бол! Өркенің өссін!» дейді. Келіннің ештеңесі кеміп қалмайды, жақсы сөз естіп, жақсылыққа ұмтылатын бір ұрпақ тәрбиесі қалыптасады, - деді Қанат Айтбаев.Желі қолданушылары оның айтқандарымен келісіп, әншіге деген ризашылықтарын білдіріп жатыр. Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar
Последние новости
09.03.2026
20:27
Атырауда жоғалған Наурыз бен Мирамгүлдің денесі...
09.03.2026
18:43
Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтірді деге...
09.03.2026
17:47
«Кудс» күштерінің қолбасшысы Каани — Израильдің...
09.03.2026
17:06
Сарапшы ЕҚЫҰ-ның жаңа Конституция жобасына қаты...
09.03.2026
16:36
Баян Алагөзова 8 наурызға алған қымбат сыйлығын...
09.03.2026
15:48
Қазақстандықтарға референдум қарсаңында ескерту...