Атом электр станциясын салу бойынша референдум биыл күзде өтеді – Тоқаев
380
Президент БАҚ саласындағы қызметкерлерді марапаттау рәсімінде сөз сөйледі,-деп хабарлайды politico.kz
“Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр станциясын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек”, – деді Тоқаев.Мемлекет басшысы аталмыш мәселеге қатысты референдум биыл күзде өтетінін айтты.
“Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды", – деп сөзін қорытындылады президент.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
19:31
Каспий теңізінен құтқарылған сарбаздың жағдайы ...
24.09.2026
19:08
Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні ...
24.09.2026
18:41
Дәрігерлер бас сүйегі бірігіп туған егізді сәтт...
24.09.2026
18:33
Алмат Сақатов: 5 мың адам намаз оқып жатқанда д...
24.09.2026
18:29
Ерлан Қарин Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызм...
24.09.2026
17:57
Гәстрөлде қыздармен жүріп әйелімді көп ренжітті...