«Әттеген-айым» қалып кетті: әнші Бағлан Әбдірайымов әкесінің өтінішін орындай алмағанын айтты

0
136

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов әкесінің өтінішін орындай алмағанын айтып, осы ісіне қатты өкінетінін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

«URPAQ» подкастына сұхбат берген әнші марқұм әкесі тірі күнінде асты биік көлік алып беруін сұрағанын айтты.

«Өмірімдегі үлкен өкінішім – әкемнің өтінішін орындай алмадым. Пендешілікке салынып, жүріп алыппын. Әкем өмірінен өтер бұрын «асты биік көлік әперші, мініп жүрейін» деп өтініш айтқан еді. Оның көзі нашар көретін. «Көлік сатып алып берсем, бірдеңе болып қала ма» деген уайым-қорқыныш болатын. Бірақ кейін ойланып, «туған күні келе жатыр ғой» деп қарындастарымызбен ақылдасып, көлік алып берейін деп жүрген едім. Бірақ әкем о дүниелік болып кетті. Туған күніне жетпей, таңертең шай ішіп отырып, анама «қан қысымымды өлшеші» деп төсекте отырған күйі күліп, жүріп кете салған. Сонда бір «әттеген-айым» қалып кетті. Пенде болғаннан кейін сол «әттеген-айды» қалай басамын деген іштей бір тырнайтын өкініштер болды. Өкінішімді басу үшін денсаулығы мүлдем жоқ азаматқа Алланың разылығы үшін көлік сыйладым», – деп әнші ішіндегі шерін айтты.


ПІКІР ЖАЗУ