Астанада апалы-сіңлілі әйелдер жасөспірім қыздарды жезөкшелікке тартқан

21.09.2026 17:05 Әсел МҰРАТ
Астанада апалы-сіңлілі әйелдер жасөспірім қыздарды жезөкшелікке тартқан
284
Фото: видеодан скрин

Астана қаласының прокуратурасы 2 жыл бойы притон ұйымдастырып, жас қыздарды, соның ішінде кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке тартқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Politico.kz.

Прокуратураның мәліметінше, притонды ұйымдастырған апалы-сіңлілі екі әйел ауыр қылмысқа күйеулерін де тартқан. Жалпы іс бойынша 15 адам қылмыстық іске тартылып отыр.

«Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталды.Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Ең сорақысы, бұл қылмыстық топтың кесірінен жас қыздар жазықсыз жеөзекшелікке айналып кеткен.

«Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген. Бұдан бөлек, қылмыскерлер клиенттердің алкогольдік масаң күйін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалаған, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстаған», - деп хабарлайды прокуратура.

Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған. Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.

Войдите, чтобы оставить комментарий